Біз бәріміз идеалды адам емеспіз. Көбісімізде аяқ-астынан бірнәрсе сатып алу қажеттілігі туындап тұрады, сондықтан кейде несиелерге ұрынатын жағдайлар аз емес.
Осындай жолмен қарыз алудың еш қорқыныштығы жоқ, бірақ төлеген пайыздарыңызға не алуға болатындарыңызды ойласаныздар, болашақта несие алар алдында мың ойланып, мың толғанады деген сенімдемін.
Осы мәселені шешудің бірінші қадамы, ол:
Барлық несиелердің тізімін қағаз бетіне түсіріп, оларды негізгі қарыз бойынша сұрыптау(сортировать) керек. Тізімнің ең басына ең үлкен қарызды қою керек. Мысалға, сізде мынадай несиелер бар делік:

Несие 1   негізгі қарыз 200мың, айына 30мың төлейміз
Несие 2   негізгі қарыз 4 млн тенге, айына 80мыңнан төлейміз
Несие 3   негізгі қарыз 100мың теңге, айына 10мың төлейміз

Енді осы тізімді қарыздың сомасы бойынша сұрыптайық
Сол кезде мынадай тізім болады:

Несие 2, негізгі қарыз 4 млн теңге, айына 80мыңнан төлейміз
Несие 1, негізгі қарыз 200мың теңге, айына 30мыңнан төлейміз
Несие 3, негізгі қарыз 100мың теңге, айына 10мың төлейміз

Енді, айына барлық несиеге төлейтін 120мың қаражатымыздан бөлек, 10мың теңге артық қаражатымыз бар делік. Онда осы артық қаражатты ең алдымен ең кішкентай қарызды жабуға салуымыз керек. Сол кезде ең кіші ниесиенің қарызы азайып қана қоймай, оның айма ай төлейтін сомасыда азайады. Біздің мысалда 100мың қарызға 10мың төлесек, енді бізде 90мың қарыз қалады. Сәйкес түрде айма-ай төлейтін сомамыз 10мыңнан 9мыңға түседі. Енді, келесі айда, ең кіші несиеміздің ай сайынғы төлемі азайғандықтан, одан артылатын мың теңгені, қайтадан ең кіші қарызды жабуға саламыз. Солай-солай Ең кішіден, ең үлкен қарыздарға қарай жылжып, айма ай сайын төлеп, толық қарыздардан құтылғанша жалғастыра беру қажет.
Бұл әдіс жентек қар(снежный ком) деп аталады.

Жентек қар әдісінің мәні неде? Ең алдымен Ең кіші қарызды жабу арқылы, сіздер айма ай төлеу қажет сомаларды кішірейтесіз. Сонымен қатар, әр несиені жапқан сайын, сіз, моральді түрде күш қуат аласыз.