ДОЛЛАР МА ӘЛДЕ ТЕҢГЕ МЕ?

 

Бүгін 08 қантар 2017ж. Және бүгінгі Доллардың құны шамамен 324-325 теңге. Не бары кішкентай уақыт бұрын Доллар 335 теңге тұғын. 

Осыған орай көптеген таныстарым:

-Ойбай, Ғани, доллардың құны түсіп кетті, не істейміз? Ақшамызды қандай валютада ұстағанымыз дұрыс? - деген сұрақтарды қойып жатыр.

 

Осыдан бір кішкентай ғана кеңесім бар еді. 

 

Осы байқағаным, жұрт валюталық спекулянт болғысы келеді екен. Доллар арзан кезде сатып алып, қымбаттағанда сатып, қайтадан түскен кезде, қайтадан сатып алғысы келеді екен. Яғни, доллардың әр секірісінен пайда тапқысы келеді. Бірақ мына аласапыран кезеңде тек бір ғана кеңесім бар еді, ол сабырлық. Ал сабырлық өкінішке орай бізден табыла бермейтін мінез. Қазіргі уақыттағы басты мақсат пайда табу емес, қолда барды жоғалтпай сақтап қалу.

Осыдан он жыл бұрын Марченко ағамыз айтып кеткен өте күшті кеңесі бар еді. Содан артық кеңес жоқ. Ол

Жинаған ақшаңызды тең дәрежеде бөліп әртүрлі валютада сақтау. 10мың доллар ақшан бар ма? 5000$-ды долларлық депозитке салып қой. 2% жылдық табыс әкелсін. Қалған 5000$-ды теңгеге айырбастап, теңгелік депозитке салып қой. 10%< табыс әкелсін саған. Болды, басқа бас қатырудың қажеті жоқ. Күнде валюта бағамдарын қадағалаудыңда қажеті жоқ.

 

Неліктен?

 

Біріншіден, біз Ұлыбританияның Центробанкісін құлатқан Джордж Сорос емеспіз. Оны мойындау керек. Спекуляциямен айналыссаңыз, керісінше, қымбат кезде сатып алып, арзан кезде сататын жағдайға душар болуыңыз әбден ықтимал. Шығынға батасыз. Статистика оған дәлел.

 

Екіншіден, теңгенің жағдайы жарты жылдан кейін қандай болатынын керек десеңіз Данияр мырзада білмейді, біздің президентте білмейді. Соңғы девальвация соған дәлел. 

 

Үшіншіден, егер сіз толығымен 10000$-ды долларда сақтасаңыз, онда сіз бір жылда не бары 200$ пайда табасыз. Себебі, долларлық депозиттің пайыздық мөлшерлемесі өте төмен

2%. 

Ал егер сол мерзімнің ішінде доллардың құны өзгермесе ше? Онда сіз доллармен ұстағаныңыз бекер болып шығады, себебі сол соманы теңгелік депозитте сақтағаныңызда (10%<) онда сіз бір жылдан кейін 1000$ пайда табар едіңіз. Нәтиже шамамен бес есе.

Сол сияқты егер сіз бүкіл ақшаңызды теңгелік депозитте сақтасаңыз, онда девальвация қаупі тағы бар. Оны да сіз ескеруіңіз керек. 

Осындай жағдайда ақшаны девальвация әсерінен жоғалтпай, жақсы табысқа жетудің бір-ақ амалы бар. Ол жарты ақшаны теңгемен, жарты ақшаны доллармен сақтау!