Гезел ақшалары

1932 Австрияның Вергел қаласында жергілікті үкімет 5000 "еркін шилинг" (пайыздық мөлшерлемелерден еркін) шығарды.

Олардың құны кәдімгі Австриялық шиллингтің құнымен бірдей болды. Бірақ бір ғана ерекшелігі болған екен. Олар мынадай:

ол ақшаны қолданған үшін ақшаның иесі айына сол сомадан 1% үкіметке төлейтін болды (яғни, жылына 12%). Ал ол пайызды айдың аяғында

ақша кімде жатса, сол адам төлейтін болады деп шешілді. Осындай кішкентай ғана болсада төлем жасау қажеттігінің арқасында, сол ақшаны алған адам оның жедел түрде жұмсап тастауға тырысатын болды.

Вергель қаласының тұрғындары ақшаның құнын жоғалтпау мақсатында тіптен, салықты ертерек төлей бастапты. Осындай "ыстық бондтармен" адамдардың жалақысы төленді, ал жергілікті дүкендер болса, 

ол ақшаларды төлем құралы ретінде қабылдай бастады.

 

Осыдан кейін банкіде не матрастың астында жатудың орнына, ақшалар тез айналымға түсе бастады. Бір жылдың ішінде 5000 еркін шиллинг 463 рет айналымға түсуге үлгірсе, ал қарапайым шиллинг не бәрі 213 рет қана айналымға түсуге үлгіреді екен. Яғни құны бірдей 5000 еркін шиллинг бір уақыт мезгілінде қарапайым шиллингке қарағанда қоғамға екі есе артық пайда әкелді деген сөз.

 

Осы уақытта Еуропаның көптеген елдерінде жаппай жұмыссыздық орын алып жатса, ал Вергель қаласында бір жылдың ішінде жұмыссыздық 25%-ға қысқарған екен. Жергілікті үкімтке жасалған төлемдердің мөлшері кішкентай болғанымен, олар қоғамның пайдасына бағытталған. Сол уақыттың ішінде қалада көпір салынды, жолдардың жағдайы жақсартылды, қоғамдық қызметтерке капитал құйыла бастады. 

 

300 жүзге жуық көрші қауымдар осы экономикалық моделдің қоғамға деген керемет әсерін байқап, оны өздеріңе еңгізуге қызығушылық таныта бастаған кезде, мемлекеттің Ұлттық банкісі өзінің қаржы жүйесіндегі монополиясын жоғалту қаупін көріп, үрейге түседі. Ол "еркін ақшаны" шығаруға қатан түрде тыйым салып тастайды. Дау дамай ұзаққа созылып, соттада қарастырылды. Бірақ ешқандай нәтиже болмады. Ақша айналымнан алынып тасталады.

 

 

Бұл жаңа экономикалық модельді Австрия бизнесмені Сильвио Гезель ұсынған екен. Өзінің "Табиғи экономикалық қатынастар" деген кітабында, қазіргі бітпейтін кризистердің басты себептерің ашуды көзге алған.  Өзінің зерттеу жұмыстары барысында мынадай ойларға келеді. 

Ақшаның мынадай функциялары бар:

1. Ақша тауардың құнын өлшеуші

2. Ақша тауарды айырбастау құралы ретінде қолданылады.

 

Жәнеде қосымша мынадай функциялары бар:

1. Байлықты жинақтаушы ретінде. Бұрын ақша байлықтың жинақтаушы ретінде сирек қолданылған. Мысалға, қазақтарда байлықтың өлшемі ретінде жылқының саны, қойдың саны, не құнарлы, шұрайлы жердің көлемі болып есептелген. Ал қазір болса, байлықтың көлемі ретінде банк шотындағы доллларлардың көлемі.

2. Спекулятивті табыс көздері. Қазіргі таңда валюталық айырбастау операцияларының 95 пайызы спекулятивтік табыс табу мақсатында ғана жасалады. Атап кетейін, спекулятивтік табыс-ол валюта курстарының айырмашылығы арқасында табыс табу. Мысалға, кеше сіз долларды 250 теңгеден сатып алып, бүгін 330 теңгеден саттыңыз. Соның арқасында спекулятивті табысқа иемдендіңіз. Не бәрі 5 пайызы ғана шынайы сауда-саттық тауар айналымын жасау мақсатында жалады. Мысалға, Forex exchange биржаларында бір күнде 4 триллион долларға операция жалады екен. 

3. Империя құралы немесе басқару құралы ретінде. Мысалға, АҚШтың ФРСы долларды басып шығару арқылы дүние жүзілік қаржы жүйесін басқарады.

 

Айта кететін болсақ, алғашқы екі функцияны кез-келген ақша орындау міндетті болса, ал қалған үшеуі артық. Осыған қоса айта кететін жай, ақша соңғы үш функцияның ең болмағанда біреуін орындай бастаса, онда міндетті екі функцияның кем дегенде біреуінің жұмысына кері әсерін тигізеді екен. Мысалға, байлықты жинақтау функциясы, ақшаның айырбастау функциясына кері әсерін тигізеді. Себебі, банктық шотта жатқан ақша экономикада айналымға түспейді. Яғни, ақша қазіргі танда өз бетімен тауарға айналған. Осының арқасында, экономикалық дағдарыс уақытында ақша керек болғанымен, ол әдетте тапшы болады, себебі, дағдарыстан қорыққан адамда барлық активтерді сатып, оларды ақшаға айналдырады. Және керісінше, экономика әдеттен қатты қызып кеткен кезде, адамдар ақшаларын тиімді жұмсамай, талан таражға салынады. Мінекей, осындай басты мәселені Гезель ақшалары шешпек. Ол ақшаны жинау мүмкін емес, себебі ақша уақыт өте келе құнын жоғалтады. Ал құнын жоғалтатын болғандықтан, адамдар оларды тезірек айналымға салуға тырысатын болады. Менің ойымша, қазіргі қаржы жүйесі уақыт өте келе осындай бір жүйеге ауысатын сияқты. Ал егер Жапония, Швейцария сияқты елдерден теріс пайыздық мөлшерлемелер жайында жиі-жиі хабар ести бастағанымызды ескерсек, осы уақыт алыс емес сияқты.