Жақында Google компаниясы android-бағдарламаларын жазатын Бағдарламашыларға арнап өзінің кеңестерін жинап, бір кітап қылып шығарды. Кітап миллиондаған адамдардан тұратын аудиториясы бар бағдарламаларды қалай шығару керектігін түсіндіреді.
Мәселен, егер Google-дың статистикасына жүгінетін болсақ, қолданушылардың 80%-ында:
-смартфонның жадысы өте төмен,
-аккумуляторы әлсіз,
-смартфоны өте баяу жұмыс істейді
-интернет байланысы өте баяу немесе тұрақты емес және т.б. екен.
 
Сондықтан, егер сапалы әрі қолданушыларға ыңғайлы бағдарлама шығарғыларыңыз келсе, онда осындай қолайсыз жағдайларда бағдарламаның жұмыс істеу тәртібін ескерген жөн екен. Толығырақ, мына кітаптан оқып алсаңыздар болады.
 
Сілтеме