Жұмыс барысында Freelancer.com сайтын қолданғанды жақсы көрем. Мен үшін бұл сайт, жобаға қажетті ресурстардың таусылмас бұлағы. 

 

Бұл сайтта сіздер дизайнер, контент жазатын адам, Аудармашы, программерлер және т.б. сияқты не бір мықты мамандар таба аласыздар. Мысалға, мен бағдарламаның логотипын ойлап табуға бір адам, дизайнын салуға екінші адам, бағдарламасын жазуға үшінші адамды тауып аламын.

 

Бар болғаны 'I want to hire' батырмасын басып, сізге қандай маман керек екендігін көрсетіп, керек тапсырманың мазмұнын жазсаңыз болды. Мысалға, мен мына суретте көрсетілгендей Тапсырма бердім. Жарты сағаттың ішінде 62 фрилансерлер жауап беріпті. Бұл жерде фрилансерлер сіздің тапсырмаңызды қаншаға істеп беруге дайын екендігін көрсетеді. Сонымен қатар әр фрилансердің рейтінгтері болады. Бұл рейтингті, кезінде тапсырыс берген адамдар қояды. Осы рейтингтердің арқасында фрилансердің жауапкершілігі қандай, жұмысын сапалы істейді ма деген сұрақтарға жауап алуға болады. Яғни, неғұрлым фрилансер сапалы жұмыс істесе, соғұрлым рейтингісі жоғары болады. Осының арқасында фрилансерді бағасына қарап, не рейтінгісіне қарап тандауға болады.

 

Бір кемшілігі бәрі ағылшынша, тапсырыстыда ағылшынша беру керек.

 

Ресейдің аналогы бар осы сайт сияқты. Fl.ru қателеспесем. Бірақ, ол жақта конкуренция аздау болғандықтан бағасыда сапасыда төмендеу.

 

Бұл пост 'Сайт жасай алатын таныстарын бар ма' деген сияқты сұрақтар қоятын адамдарға арналады. Бәрі осында, қолданыңыздар :-)