Қазақша IT саласындағы терминдер онша қатты дамымағандықтан, ағылшын тілінен аударғанда кейбір терминдер түсініксіз болуы мүмкін.

Сондықтан осы теримндерді атап кеткен жөн деп ойлаймын.

 

Жады - memory, әр түрлі ақпаратты есте сақтайтын компьютердегі орны.

Айнымалы - variable, яғни мәнін бірнеше рет өзгерте алады.

Константа - Constant, яғни мәнін тек қана бір рет қана меншіктеуге болатын жадыдағы орын.

Опционал - Optionals немесе optional value, яғни мәні болуы мүмкін немесе мәні болмауы мүмкін (Nil- swift тілінде, басқа бағдарламалау тілдерінде Null) айнымалы.

Батырма - Button, басқан кезде белгілі бір әрекетті тудыратын интерфейс элементі.