Алғашқы сабағымыз Swift playground арқылы жұмыс істеумен басталады. Swift playground - ол Xcode ортасында кодты жазып, және оны тікелей орындап, нәтижесін бірден көруге көмектесетін файлдың түрі. Playground арқылы сіздер жылдам түрде Swift тілінің негіздерін және қыр сырларын үйрене аласыздар.

Ескерте кетейік
Жақсы тәжірибе жинақтау үшін Xcode жүйесінде playground файлын ашып, тікелей жаттығуларды сол арқыды жасауға ұсынамыз.
Playground-ды компьютерге көшіру

Осы сабақтың аяғында сіздер мына білімге ие боласыздар:
Константамен айнымалалардың айырмашылығын білесіздер
Айнымалылардың типін қай кезде айқын түрде, қай кезде айқын емес түрде жариялауға болатынын үйренесіздер
Optional және Optional binding-ті қолданудың артықшылықтарын түсінесіздер
UIKit-ті жүктеп, оны қолдануды үйренесіздер
Шарттармен циклдерді не үшін қолдану керектігін
Функция, метод және инициализаторлардың айырмашылығын
Класс-пен структуралардың айырмашылығын үйренесіздер, сонымен қатар
Xcode жылдам көмекшісі арқылы қосымша ақпаратты қалай табуға болатыны көрсетіледі(Option батырмасын басып тұрып керек командаға клик жасау арқылы шақырылады)

Негізгі типтер
Константа - жарияланғаннан кейін мәнді өзгерте алмаса, ал айнымалы мәнін жұмыс барысынды өзгерте алады. Константа ағылшын тілімен түсіндіргенде immutable, яғни өзінің мәнін өзгерте алмайды, ал айнымалы mutable өзгерте алады. Егер сіз жұмыс барысында мән өзгермейтінін білсеніз, онда айнымалының орнына константаны жариялаған дұрыс.
Константаны жариялау үшін let сөзін қолданыңыз, ал айнымалыны жариялауыңыз үшін var сөзін қолданыңыз.

  var myVariable = 42 // айнымалыны жариялау
  myVariable = 50
  let myConstant = 42 // константаны жариялау

Әр константамен айнымалылар Swift тілінде өзінің белгілі бір типке ие болғанмен, олардың қай типке жататындығын әрдайым көрсету міндетті емес. Константа немесе айнымалы жариялау кезінде мәнді меншіктеген кезде, компилятор олардың қай типке жататынын аңықтай алады. Жоғарыда көрсетілген мысалға жүгінетін болсақ, компилятор myVariable айнымалының типін Integer деп аңықтайды, себебі оған Integer типті 42 мәні меншіктеліп тұр. Егер константа не айнымалынің типі бір рет аңықталса, онда одан кейін оның типі өзгертіле алмайды. Егер айнымалының, не константаның типін айқын түрде көрсеткіңіз келсе, онда атынан кейін қос нүкте қойып, типін жазсаңыз болады

  let implicitInteger = 70  
  let implicitDouble = 70.5
  let explicitDouble: Double = 70

Тәжірибе жасап көрейік
Xcode-та константаның немесе айнымалы Option-click басу арқылы оның типін көрсеңіз болады. Төменде көрсетілген мысалдар үшін осы жаттығуды істеп көріңіз. Мәннің типі ешқашан басқа типке жанама түрде ауыса алмайды. Егер сіз айнымалының типін басқа типке ауыстырғыныз келсе, онда төмендегі мысалға қарауынызға болады.
  let label = "The width is " // Бүл айнымалының типі String
  let width = 94              // Бұл айнымалының типі Integer
  let widthLabel = label + String(width) // конкатенация жасау үшін, алдымен width айнымалының типін Integer-ден String-ке айналдырамыз.

Тәжірибе жасап көрейік 
Соңғы мысалда типті String-ке ауыстыратын кодты алып тастасақ (яғни, былай жазсақ let widthLabel = label + width), қандай қате шығады?

Ал енді төмендегі мысалда integer типті мәнді string типті мәнге қоюдың жеңіл тәсілі көрсетілген. Ол үшін бар болғаны integer типті айнымалынының атын "\(" және ")"символдарымен қоршап алу керек. Бұл тәсіл String Interpolation деп аталады.
   let apples = 3
   let oranges = 5
   let appleSummary = "I have \(apples) apples."
   let fruitSummary = "I have \(apples + oranges) pieces of fruit."
  
Мәні жоқ айнымалылармен жұмыс істеу үшін опционалды қолдану керек. Опционалды айнымалы мәні болуы мүмкін немесе nil мәнді (мәні жоқ) болуы мүмкін. Опционалды мән екенін көрсету үшін мәннің типінен кейін сұрақ(?) белгісін қою керек.
   
 let optionalInt: Int? = 9