iPhone және iPad құрылғыларына арналған бағдарламаларды жазу үшін, iOs операциялық жүйесімен танысуымыз керек. Ал бағдарлама тілі Swift болып келеді. Осы мақала арқылы сіздер өздеріңіздің ең алғашқы бағдарламаларыңызды жазуды үйренесіздер.
Әр сабақ осы жүйеде бағдарлама жазудың негіздерін баяндайды, сондықтан оларды қалдырмаған абзал. Әр қадамды жасау арқылы, сіздер iOs жүйесінде жұмыс істейтін қарапайым бағдарламаны жазуға қол жеткізесіздер. Сонымен қатар iOs бағдарламаларын жазудың негіздерін, Swift бағдарламалау тілін және iOs бағдарламаларын жазуға көмектесетін Xcode ортасымен танысасыздар.

Сабақ жайлы
Осы сабақ барысында сіздер FoodTracker атты қарапайым тамақты қадағалау(food tracking) бағдарламасын жазасыздар. Осы бағдарламада тамақтардың тізімі, олардың аттары, бағасы(rating) мен суреттері болады. Пайдаланушы(User) кез келген жаңа тағамдарды қоса алады немесе бар тағамды өзгертіп(edit), не өшіре(delete) алады. Жаңа тағамды қосу немесе бар тағамды өзгерту үшін, пайдаланушы басқа экранға (screen) өтіп, онда тағамның атын, бағасын немесе суретін көрсете алады.



ОК, iOs бағдарламасын жазу үшін сізге қандай құралдар(Tools) қажет болады?
Өкінішке орай, iOs бағдарламаларын сіздер тек Xcode ортасында(environment) (менің ойымша, мүмкін басқада бағдарламалау орталары бар шығар) жаза аласыздар. Ал ол болса тек Mac (OS X 10.10 немесе одан кейінгілері) операциялық жүйелерінде ғана жұмыс істейді. Сондықтан сізге не Macbook, не виртуальді машинада жұмыс істейтін Mac керек. Xcode бағдарламаның сырт келбетін жасауға көмектесетін, бағдарлама жазуға көмектесетін, және қателерді табуға көмектесетін құралдармен жабдықталған.
Бағдарлама жазу үшін сізге ең соңғы Xcode-ті көшіріп, орнатуыңыз керек.
Құдайға шүкір ол тегін. Xcode-ті орнату үшін:
1. Mac-тің ішіндегі App Store бағдарламасын ашыңыз (үнсіз келісім бойынша ол Dock-тің ішінде орналасқан)
2. Ашылған терезенің он жақ жоғарғы бұрышында іздей облысында (search field) Xcode деген сөзді теріңізде, Enter басыңыз. Xcode бағдарламасы іздеу нәтижелерінің арасында бірінші болып тұрады.
3. Get батырмасын басыңыз, содан кейңн Install App батырмасын басыңыз.
4. Егер сұраса, онда өзіңіздің Apple ID және кілтсөзіңізді(password) еңгізініз. Xcode сіздің /Applications папкасына көшеді.


МАҢЫЗДЫ
Сабақ барысында Xcode 7.0 және iOS SDK 9.0 қолданылады. Сондықтан сізде осы бағдарламалардың дәл осы нұсқасы орнатылғанын тексеріңіз.
Ал бастайық